Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық ғылым академиясына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланған күні:

Ұлттық ғылым академиясы
Ұлттық ғылым академиясының ғимараты. Фото: almatydc.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының жаңа президентін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті лауазымына тағайындалды", - делінген өкімде.

Ал осы қызметте болған Күнсұлу Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Ақылбек Күрішбаев 1961 жылы 13 сәуірде Алматыда дүниеге келген. 1983 жылы институтты үздік бітіріп, ғалым агроном біліктілігін алған. Еңбек жолын 1977 жылы Алматы облысы Талғар ауданындағы МРСХО бөлімінде комбайнер көмекшісінен бастаған. 

Baq.kz сайтындағы мәлімет бойынша, Күрішбаев 1983 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын үздік бітірген. 1983 жылы В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына қатардағы лаборант болып қабылданды. 

1984 жылы күндізгі аспирантурасына оқуға түсті. 1986 - 1997 жылдары В. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, кәсіподақ төрағасы, аға ғылыми қызметкер, ғылым бойынша директордың орынбасары лауазымдарында қызметтер атқарды. 

1997 - 2002 жылдары А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс атқарды. 2020 жылы Қазақстан республикасы парламенті сенатының депутаты болып сайланған. 

2006 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілген. "Құрмет" орденінің иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2056830-ulttyq-gylym-akademiyasynyn-prezidenti-lauazymyna-tagaiyndaldy/