Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Опубликовано:

Қанат Нұрмағамбетов
Қанат Нұрмағамбетов. Фото: ІІМ

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларымен кездесті. Жиында ол ІІО қызметтері мен бөліністеріне тағайындалған жаңа басшыларды таныстырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметті күшейту үшін криминалдық полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Қанат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұған дейін ол министрліктің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы болған.

Теңізжан Жәнібеков
Теңізжан Жәнібеков. Фото: ІІМ

ҚАЖК төрағасы лауазымына әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков тағайындалды. Ол бұрын Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Сарқытбай Құсайынов
Сарқытбай Құсайынов. Видеодан кадр: polisia.kz

Бұрын ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары болған полиция полковнигі Сарқытбай Құсайынов Жетісу облысы ПД бастығы лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2057071-iski-ister-ministrliginde-kadrlyq-auys-tuiis-boldy/

pixel