Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат Динара Шүкіжанова мәжілістен кетеді

Опубликовано:

Динара Шүкіжанова
Динара Шүкіжанова. Фото: instagram.com/dinarashukizhanova

Respublica партиясының атынан сайланған депутат Динара Шүкіжанова мәжілістен кетеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында хабарланды.

ОСК ақпаратында Динара Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп көрсетілген.

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Д.А. Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісіне енгізілсін", - делінген құжатта.

Мәжілістің ресми сайтында Динара Шүкіжанова Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі екені айтылған.

Ол 1987 жылы 15 қаңтарда Қостанай облысының Қарасу ауданында дүниеге келген.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген, МВА дәрежесіне ие.

2008 жылы Рудный қаласындағы "ССКӨБ" АҚ бас бухгалтер қызметін атқарды.

2009-2011 жылдары жеке компанияда қызметкерлер бойынша менеджер болды.

2011 жылы "Агромашхолдинг KZ" АҚ-ға жұмысқа шақырылып:

  • 2011 жылдан 2014 жылға дейін баспасөз хатшысы және HR-басқарма бастығы лауазымдарын атқарды;
  • 2016 жылы ұйымдастырушылық даму жөніндегі Басқарушы директор лауазымына ауыстырылды. Бұдан әрі 2018 жылға дейін басқарма төрағасының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді;
  • 2018 жылы атқарушы директордың бірінші орынбасары, компанияның бірінші вице-президенті лауазымына тағайындалды.
  • 2022 жылы "Агромашхолдинг KZ" АҚ президенті қызметін атқарды.

2023 жылғы наурызда парламент мәжілісінің депутаты атанды.

Ол Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығына мүше.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2057130-deputat-dinara-sukizanova-mazilisten-ketedi/

pixel