Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматыға ұшып келді (фото, видео)

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақтан түсуде
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 25 қаңтарда бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.

Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысының жұмыс сапарымен Алматы қаласына келетінін хабарлаған еді.

Ол сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар нысанды аралайтынын, соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына баратынын жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2057337-toqaev-almatyga-usyp-keldi/

pixel