Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ашығын айту керек": Тоқаев Алматының азаматтық қорғаныс жүйесі жер сілкінісіне дайын болмай шыққанын мәлімдеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Алматыда болған төтенше жағдай кезінде тиісті органдар шұғыл әрекет етуге толық дайын болған жоқ. Бұл жөнінде президент Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Ақорда.

"Бірақ, ашығын айту керек, Алматыда болған төтенше жағдай кезінде тиісті органдар шұғыл әрекет етуге толық дайын болған жоқ. Ал қала тұрғындары не істерін білмей, абдырап қалды.

Дегенмен бұл жиынның басты мақсаты – сын айту емес, нақты шешімдер қабылдау. Мысалы, жұрттың көпшілігінде "төтенше жағдайға қажетті чемодан" да жоқ болып шықты. Тиісті оқу-үйрету шаралары мектептен, тіпті балабақшадан басталуы керек. Бұрын Алматыда осындай тәжірибе болған. Соны қайта жаңғырту қажет. Себебі қазір азаматтарды төтенше жағдайға дайындау жүйесі талапқа сай емес.

Құзырлы органдар халыққа жан-жақты түсіндіру жұмысын жүргізуге тиіс. Оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде тұрақты жаттығу өткізіп тұру қажет. Бұл – өте маңызды. Осы жұмысты дереу қолға алу керек", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2057527-asygyn-aitu-kerek-toqaev-almatydagy-zer-silkinisi-kezinde-tiisti-organdardyn-sugyl-areket-etuge-daiyn-bolmagynyn-synga-aldy/

pixel