jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз": Тоқаев Сырым Шәріпхановқа ескерту жасады

    Сырым Шәріпханов
    Сырым Шәріпханов. Фото: ТЖМ ресми сайты

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өткен жиында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа ескерту жасады, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорда мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігіне өз қызметін сыни тұрғыдан қайта таразылау міндеті жүктелді. Мемлекет басшысы министр Сырым Шәріпхановтың аталған сала маманы ретінде теориялық білімі бар екенін, бірақ нақты іске келгенде жұмысының нәтижесі көрінбей жатқанын айтты.

    "Қазіргі жұмысты көңілден шығады деп айтуға келмейді. Министр Шәріпхановқа ескертемін. Егер сіз өз жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз, ғылыми-оқытушылық қызметіңізге қайтарамыз. Онда тұрған ештеңе жоқ.

    Қазіргі ахуал өте күрделі және жауапты, еліміздің қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Сондықтан бәріміз жинақы, ұқыпты және белсенді болуымыз қажет. Басқа жол жоқ. Президент әкімшілігі бүгін айтылған барлық мәселені бақылауда ұстайды", – деді мемлекет басшысы.

    "Жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз": Тоқаев Сырым Шәріпхановқа ескерту жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.