Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күмән болмасын": президент алматылықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері өткен кеңесте қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ақорда.

"Сабыр сақтаңыздар және әр нәрсеге байыппен қараңыздар. Дүрбелеңге салынып, түрлі қауесет пен жалған ақпаратты қасақана тарататын арандатушылар мен жауапсыз адамдардың жетегіне еріп кетпеңіздер. Нағыз алматылықтар әрқашан ақыл-парасатымен және ұстамдылығымен ерекшеленген.

Ел басшылығы сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оған күмән болмасын. Алматылықтардың талап-тілегі әрдайым біздің басты назарымызда", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2057537-kuman-bolmasyn-prezident-almatylyqtarga-undeu-zasady/

pixel