Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе
Қасым-Жомарт Тоқаев, Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspikz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президентке Kaspikz компаниясы қызметінің нәтижелері мен даму перспективалары туралы мәлімет берілді. "Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа Kaspikz компаниясының АҚШ-тағы NASDAQ қор биржасында IPO-ға табысты шыққаны туралы айтты. Бұл биржада Apple, Amazon, Google және басқа да әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылған", - делінген хабарламада. Мемлекет басшысы Kaspikz компаниясының негізін қалаушыларды айтулы жетістігімен құттықтады. Сонымен қатар кездесуде елімізге әлемдік жетекші инвесторларды көптеп тарту үшін инвестициялық климатты жақсарту перспективалары талқыланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2057582-toqaev-vyaceslav-kim-men-mixail-lomtadzeni-qabyldady/

pixel