Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕО қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдетуді жоспарлап отыр: СІМ келіссөздер жүргізді

Опубликовано:

Еуропа одағының туы
Еуропа одағының туы. Фото: pixabay.com

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесуі өткізді. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, Қазақстан азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

  • визаға өтінім берудің бірыңғай құжаттар топтамасын енгізу;
  • консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;
  • өтінімдерді қараудың мерзімін азайту;
  • көпреттік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.

"Келіссөздердің нәтижесі бойынша Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2057888-eo-qazaqstandyqtar-usin-vizalyq-rezimdi-zenildetudi-zosparlap-otyr-sim-kelissozder-zurgizdi/

pixel