Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

7 ақпанда Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кеңейтілген отырыс ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.

Айта кетейік, мемлекет басшысы қаңтар айындағы сұхбатында отырыста қандай мәселе қаралатынын айтқан еді.

"Жақында үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, онда біз әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларын шығарып, осы бағыттағы алдағы іс-шаралардың тактикасын анықтаймыз", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058632-7-aqpanda-toqaevtyn-qatysuymen-ukimettin-keneitilgen-otyrysy-otedi/