Үкімет отставкаға кетуі мүмкін бе: Әшімбаев пікір білдірді
Жарияланған күні:
Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев кулуарда журналистердің сауалдарына жауап беріп, үкімет отставкаға кетуі мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бұған дейін Мәулен Әшімбаев 7 ақпанға жоспарланған министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысы өтетінін мәлімдеген болатын.
Осыған орай журналистер үкіметтің отставкаға кетуін күту керек пе деп сұрақ қойды.
"Менің мұндай сұрақтарға жауап беруге өкілеттігім жоқ, сондықтан маған түсініктеме беру дұрыс емес", – деп жауап берді сенат спикері.
Дегенмен ол үкіметтің алға қойылған міндеттерді белсенді орындап жатқанын атап өтті.
"Әрине, БАҚ жазып жатқан кемшіліктер де бар. Бірақ үкімет мемлекет басшысы бастамашылық еткен кешенді реформаларды іске асыру мақсатында қажеттінің бәрін жасайды. Нақты аспектілерге, белгілі бір министрлердің қызметін бағалау жайына келер болсақ, мұның бәрі 7 ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады деп ойлаймын", - деп түйіндеді сөзін Әшімбаев.
Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының соңында Мәулен Әшімбаев парламенттің 2023 жылғы ең үлкен жетістігі әлеуметтік кодексті енгізу екенін мәлімдеген еді.
Сондай-ақ өткен аптада сенат жанындағы өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
"Биыл парламент бірқатар заң қабылдайды. Олардың ішінде президенттің тікелей тапсырмасымен әзірленген Құрылыс, Су, Салық және Бюджет кодекстері бар.
Осы заң жобалары бойынша, әсіресе өңірлерді дамытуға қатысты мәселелер жөнінде мәслихат депутаттарының ұсыныстарын назарға алу маңызды", – деді Әшімбаев өз сөзінде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058648-ukimet-otstavkaga-ketui-mumkin-be-asimbaev-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.