Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Кенжеғұл Сейтжанды жаңа қызметке тағайындады

Опубликовано:

Кенжеғұл Сейтжан
Кенжеғұл Сейтжан. Фото: instagram.com/kenzhegulseitzhan

Кенжеғұл Сейтжан Қазақстан президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Кенжеғұл Социалұлы Сейтжан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мәжілістің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Кенжеғұл Сейтжан 1982 жылы 29 шілдеде Қостанай облысы, Амангелді ауданында дүниеге келген.

1991 жылдан 2003 жылға дейін Алматы қаласындағы Н.Островский атындағы зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатында оқыған. 2003 жылдан 2007 жылға дейін "Тарих. Құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бакалавр дәрежесі бойынша білім алған.

2008-2009 жылдар аралығында Жапонияда әлеуметтік көшбасшылық курсынан өткен.

2011 жылдан 2013 жылға дейін University of CUNY (АҚШ) университетінде ағылшын тілін оқыған.

2015 жылы University of Reading (Англия) Education (Leadership and Management) мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Альпинизм бойынша әлем чемпионатының қатысушысы. Францияда 2016 жылы, 2019 жылы 7-орын алған.

Сонымен қатар 2017 жылы және 2019 жылы "Голбол" Параолимпиадалық спорт түрінен Қазақстан чемпионы атанған. Паравелоспорттан спорт шебері. 2022 жылы Душанбе қаласында өткен Паравелоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдегері және Паравелоспорттан бойынша UCI халықаралық рейтингі бойынша 13-орында.

Қазақ, орыс, ағылшын және жапон тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы, Медеу ауданының № 7 жалпы білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2017 жылдан 2022 жылға дейін мүгедек балаларға арналған "Мейірім" оңалту орталығында әлеуметтік бағдарламалар бойынша менеджер болып жұмыс істеген.

2017 жылдан 2022 жылға дейін қонақ үй бизнесінде директор болып қызмет атқарған.

2016 жылдан 2022 жылға дейін "Қазақстан голбол федерациясы" ЗТҚ Бас хатшысы.

2019 жылдан 2021 жылға дейін "Қазақстан Паравелоспорт федерациясы" РҚБ вице-президенті.

2022 жылдан бастап осы күнге дейін Астана қаласы голбол Федерациясының президенті.

2021-2023 жылдары – "Қазақстан Паравелоспорт федерациясы" РҚБ президенті болған.

2023 жылғы наурыздан бастап парламенті мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058815-toqaev-kenzegul-seitzandy-zana-qyzmetke-tagaiyndady/

pixel