Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Наталья Годунованы қабылдап, оған тапсырма берді

Опубликовано:

Фото
Ақорда. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кездесу барысында Годунова президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады. Есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наталья Годунова
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наталья Годунова. Фото: Ақорда

Ол сондай-ақ өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058885-toqaev-natalya-godunovany-qabyldady/

pixel