Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский Тоқаевқа алғыс білдірді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Ozge Elif Kizil/Anadolu via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бұл ақпаратты Зеленский өзінің Telegram арнасында бөлісті.

"Біріншіден, елімізге көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғысымды білдірдім. Мен әріптесіме Украинаның бейбітшілік формуласын іске асыру бойынша қауіпсіздік кеңесшілерінің жұмысының нәтижелері және Бейбітшілік саммиті алдындағы дайындық шаралары туралы айтып бердім

Мен Тоқаев мырзаға бүгін Киевте мәжбүрлі қоныс аударылған украиналық балаларды қайтару жөніндегі халықаралық коалицияның отырысы өтіп жатқанын хабарладым.

Соңында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынас пен саяси диалогты жандандыру мәселелері талқыланды", – деп жазды Зеленский.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058910-zelenskii-toqaevqa-algys-bildirdi/

pixel