Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Франция және Катармен келісімді ратификациялады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі мен Франция үкіметі арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Одан бөлек президент "Қазақстан үкіметі мен Қатар мемлекетінің үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

Екі заңның да мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2058911-toqaev-birqatar-zanga-qol-qoidy/

pixel