Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Мейіржан Юсупов президент қабылдауында
Мейіржан Юсупов президент қабылдауында. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысына "Қазатомөнеркәсіптің" былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есеп беріліп, компанияның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған мақсаттары мен жоспарлары таныстырылды.

Президентке өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өнімдерін өндіру көлемі 21 мың тоннадан, ал сату көрсеткіші 18 мың тоннадан асқаны жөнінде баяндалды. Мейіржан Юсуповтың айтуынша, 2023 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған уран өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан. Қазақстаннан батыс елдеріне жөнелтілген уранның 64 пайызы осы транзит дәлізі арқылы тасымалданған.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына "Қазатомөнеркәсіп" компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндіріс орындары орналасқан өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Президентке минералдық-шикізаттық базаны кеңейту және толықтыру жұмыстары жайында айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазатомөнеркәсіп" жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059204-toqaev-qazatomonerkasip-ulttyq-atom-kompaniyasy-aq-basqarma-toragasyn-qabyldady/

pixel