Тоқаев үкімет отставкасын қабылдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі туралы қаулыға қол қойды. Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059211-toqaev-ukimet-otstavkasyn-qabyldady/