Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Опубликовано:

Ғалымжан Қойшыбаев
Ғалымжан Қойшыбаев. Фото: СІМ баспасөз қызметі

Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министрінің орынбасары, үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Тelegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Премьер-министрдің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

Философия ғылымдарының кандидаты.

1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2008-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2012-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.

2019 жылғы 26 наурызда премьер-министр кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда президент жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде мемлекет басшысының жарлығымен премьер-министрдің орынбасары – үкімет аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059461-galymzan-qoisybaev-qazaqstan-ukimet-apparatynyn-bassysy-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel