Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айбек Дәдебаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Айбек Дәдебаев
Айбек Дәдебаев. Фото: Ақорда

Айбек Дәдебаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген президент қол қойған жарлықта.

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 

2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдар аралығында парламенті сенаты аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болған.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

Одан кейін алты жыл парламент сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында Президент кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент іс басқарушысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059463-aibek-dadebaev-prezident-akimsiliginin-bassysy-bolyp-tagaiyndaldy/