Денсаулық сақтау министрі лауазымына Ақмарал Әлназарова тағайындалды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрі лауазымына Ақмарал Әлназарова тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сенаттың ресми сайтындағы мәлімет бойынша Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова 1971 жылы 16 ақпанда Қызылорда қаласында туған.
1994 жылы Алматы мемлекеттік медицина институты "Педиатрия" мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Қорқыт Университетінде "Экономист" мамандығы білім алған.
Ұйымдастырушы-жоғары санатты гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр
Еңбек жолын Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері болып бастаған.
1997-1999 жылдары Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері болған;
1999-2001 жылдары бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары;
2001-2003 жылдары Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері;
2003-2004 жылдары Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы;
2005-2007 жылдары Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы;
2007-2013 жылдары Қызылорда медициналық колледжінің директоры;
2013-12.2014 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары;
2014-2015 жылдары Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы;
2015-2019 жылдары Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
2019-06.2020 жылдары "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059480-aqmaral-alnazarova-densaulyq-saqtau-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.