jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі лауазымын сақтап қалды

    Айдарбек Сапаров
    Айдарбек Сапаров. Фото: gov.kz

    Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    "Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

    Айдарбек Сейпілұлы Сапаров 1966 жылғы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

    Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 1984 жылы совхоз бухгалтері болып бастаған.

    1992-1995 жылдары — Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры.

    1995-2003 жылдары коммерциялық құрылымдарда қызмет етті.

    2003-2005 жылдары — "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.

    2005-2006 жылдары — "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.

    2006 жылы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы.

    2006-2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

    2008-2010 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

    2010-2011 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.

    2011-2019 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

    2019-2022 — Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

    2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болған.

    2023 жылғы 4 қыркүйекте президентінің жарлығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

    Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі лауазымын сақтап қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.