Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Шыңғыс Әрінов
Шыңғыс Әрінов. Фото: akorda.kz

Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Шыңғыс Әрінов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы президентінің Күзет қызметінің бастығы қызметін атқарған болатын.

Шыңғыс Әрінов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Халықаралық қатынастар" факультетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында "құқықтану" мамандығы бойынша Азаматтық авиация академиясы "Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059482-syngys-arinov-totense-zagdailar-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel