Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев оқу-ағарту министрі лауазымына Ғани Бейсембаевты қайта тағайындады

Опубликовано:

Гани Бейсембаев
Гани Бейсембаев.Фото: primeminister.kz

Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша Ғани Бектайұлы Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Философия және психология ғылымдарының докторы.

1989-1995 жылдары Алматы облысы Талғар ауданының №14 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істеген.

1995-1997 жылдары Алматы облысы Іле ауданының №12 орта мектебінің директоры лауазымын атқарған.

1997-2000 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының бас ғалым хатшысы болған.

2000 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласының білім бөлімін басқарған.

2001-2006 жылдары "Халықаралық қосымша білім беру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып жұмыс істеген.

2006-2020 жылдары EDTECN Халықаралық білім беру орталығының бас директоры лауазымын атқарған.

2020 жылы Білім және ғылым министрлігінің "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалған.

2020-2022 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті лауазымын атқарған.

2022 жылғы наурыздан тамызға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.

2022 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі.

2023 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі қызметін атқарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059486-gani-beisembaev-oqu-agartu-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel