Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық экономика министрлігіне жаңа басшы келді

Опубликовано:

Нұрлан Байбазаров
Нұрлан Байбазаров. Фото: primeminister.kz

Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.

Нұрлан Байбазаров 1975 жылы дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қаржы министрлігінің Бюджет департаментінен бастаған.

2004 жылдан 2011 жылға дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-да басқарма бастығынан бастап басқарушы директорға дейін әр түрлі лауазымдарды атқарған.

2013-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігінде экономика салаларын дамыту департаментінің директоры, 2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ еншілес ұйымы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болған.

Сонымен қатар "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарма төрағасы, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басшысы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059487-ulttyq-ekonomika-ministrligine-zana-bassy-keldi/

pixel