Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымына қайта тағайындалды

Жарияланған күні:

Аида Балаева
Аида Балаева. Фото: Министерство культуры и информации РК

Аида Ғалымқызы Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Аида Ғалымқызы Балаева 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.

2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.

2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.

2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.

2022-2023 жылдары президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.

2023 жылғы қыркүйек айында мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059494-aida-balaeva-madeniet-zane-aqparat-ministri-lauazymyna-qaita-tagaiyndaldy/