Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымын сақтап қалды
Жарияланған күні:
Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.
Ермек Маржықпаев 1969 жылы туған. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттiк педагогикалық институтын (тарих мұғалiмi), Тұран университетiн (заңгер), Көкшетау университетiн (қаржы бакалавры) бiтiрген.
Еңбек жолын 1991 жылы Астанада № 29 орта мектепте дене шынықтыру мұғалiмi, бокстан жаттықтырушы болып бастады.
Әр жылдары мектепте мұғалім, директор болып қызмет еткен.
2008-2012 жылдары Ақмола облысы Аршалы ауданының әкiмі, 2012-2013 жылдары Ақмола облысы Зерендi ауданының әкiмi, 2013-2014 жылдары Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары қызметтерін атқарды.
2014-2015 жылдары Президентi әкiмшiлiгi Мемлекеттiк бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы болды.
2015-2019 жылдары Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкiмi болса, 2019 жылғы наурызда Ақмола облысының әкiмi болып тағайындалды.
Ал 2023 жылғы қыркүйекте Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059497-ermek-marzyqpaev-turizm-zane-sport-ministri-lauazymyna-saqtap-qaldy/