Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қанат Шарлапаев 1981 жылы дүниеге келген.
Ол Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған.
- 2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің Қаржы департаментінде, Жобаларды басқару департаментінде, Операциялық-технологиялық департаментінде, "Сити" инвестбанкінің сату басқармасында жұмыс істеді.
- 2008-2014 жылдары — "Сити" инвестбанкі акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті;
- 2014-2015 жылдары — "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті;
- 2015-2017 жылдары — Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті;
- 2017-2020 жылдары — Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті;
- 2020-2022 жылдары — "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры;
- 2022 жылдан бастап — "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі;
- 2023 жылғы 4 қыркүйекте президентінің Жарлығымен индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059506-qanat-sarlapaev-qazaqstan-respublikasynyn-onerkasip-zane-qurylys-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/