Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды

Опубликовано:

Қанат Шарлапаев. Фото: baiterek.gov.kz
Қанат Шарлапаев. Фото: baiterek.gov.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қанат Шарлапаев 1981 жылы дүниеге келген.

Ол Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған. 

  • 2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің Қаржы департаментінде, Жобаларды басқару департаментінде, Операциялық-технологиялық департаментінде, "Сити" инвестбанкінің сату басқармасында жұмыс істеді.
  • 2008-2014 жылдары — "Сити" инвестбанкі акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті;
  • 2014-2015 жылдары — "Сити" инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті;
  • 2015-2017 жылдары — Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті;
  • 2017-2020 жылдары — Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті;
  • 2020-2022 жылдары — "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры;
  • 2022 жылдан бастап — "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2023 жылғы 4 қыркүйекте президентінің Жарлығымен индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059506-qanat-sarlapaev-qazaqstan-respublikasynyn-onerkasip-zane-qurylys-ministri-lauazymyna-tagaiyndaldy/

pixel