Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек

Опубликовано:

Үкіметтің кеңейтілген отырысы
Үкіметтің кеңейтілген отырысы. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сөзінде орта бизнеске нақты қолдау көрсету мәселесіне айрықша мән беру керектігін айтты, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Президенттің айтуынша, микро және шағын кәсіпкерлік үшін еңбекақы төлеу қорынан бір реттік төлем жасауды енгізу ісі де аяқсыз қалды.

"Бұл норманың енгізілгеніне бір жылдан асты. Уәкілетті органдар жұмыстың табысты атқарылғаны туралы есеп берді. Ал бизнес өкілдері бұрынғысынша салық пен жарнаны бюджеттік емес қорларға жеке-жеке төлеуді жалғастырып жатыр.

Бір жағынан, орта бизнеске нақты қолдау көрсету мәселесіне айрықша мән беру керек. Мысалы, көп жағдайда бизнесті қолдан ұсақтап жатады. Кәсіпкерлерді тиісті санатқа бөлу әдістемесі дұрыс жолға қойылмаған", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезінде орта бизнеске басымдық берілуі керектігін атап өтті.

"Осы мәселелерді міндетті түрде шешу қажет

Бизнеске әкімшілік қысым көрсетуді азайту керек, соның ішінде реттеу қағидатын қолдану арқылы ықпал етуді доғарған жөн. Тоқетерін айтсақ, осы салаға сапалы өзгеріс жасау керек", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059594-toqaev-bizneske-akimsilik-qysym-korsetudi-azaitu-kerek/