Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жөнделіп жатқанына бес жылдан асты": президент республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын сынға алды

Опубликовано:

Жол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі автожол мәселесін ерекше айтты. Құрылысы ұзаққа созылған тас жолдарды мысалға келтірген мемлекет басшысы маңызды жолдарды салу бойынша тендерді көбінесе шетел компаниялары ұтып алатынына назар аударды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Еліміз үшін айрықша маңызды "Астана-Балқаш-Алматы" тас жолы әлі күнге дейін жөнделіп біткен жоқ. Құрылыс 2017 жылдан бері жүріп жатыр. Республикалық маңызы бар "Атырау-Астрахань", "Ақтөбе-Қандыағаш", "Талдықорған-Өскемен" жолдарының жөнделіп жатқанына 5 жылдан асты. Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс. Бұл жерде бірнеше мәселені ескеру қажет.

Қалыптасқан тәжірибеге қарасақ, республикалық маңызы бар жолдардың тендерін көп жағдайда тек шетел компаниялары ұтып алады. Мұндай жобаларға қолынан іс келетін, тиісті техникамен жабдықталған өз кәсіпорындарымызды тарту керек. Сонымен қатар жол құрылысына қажетті техниканы елімізде шығару жолдарын дамытып, өзіміздің дайын өнімді пайдалану керек", - деді президент.

Мемлекет басшысы жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат - республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керек екенін баса айтты. Президент әзірге жол сапасына көңілі толмайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059625-zondelip-zatqanyna-bes-zyldan-asty-prezident-respublikalyq-manyzy-bar-avtozoldardyn-sapasyn-synga-aldy/