Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет басшылығына әйелді тағайындайтын кез жетті ме: вице-премьер жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова. Фото: gov.kz

Үкімет кулуарында вице-премьер Тамара Дүйсеноваға үкіметтің отставкаға кету себебі неде деген сұрақ қойылды. Сондай-ақ Дүйсенова министрлер кабинетін әйел басқаратын кезі жетті деп ойламайсыз ба деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тамара Дүйсеноваға министрлердің 80 пайызы өз лауазымында қалса, үкімет мүшелерін ауыстырудың мәні неде деген сұрақ қойылды.

"Бұл маған қойылатын сұрақ емес шығар. Баға берілді, естідіңіздер – кей жерде (жоспарларымызды – ред.ескертпесі) жүзеге асырдық, кей жағдайда іске асыра алмадық. Оған қоса динамика тұрғысынан экономиканы модернизациялау бойынша аса үлкен міндет тұр. Мемлекет басшысы жаңа серпін беру қажет деп шешті", – деді вице-премьер.

Айта кетейік, Дүйсенова да лауазымын ауыстырмай, өз орнында қалды.

Сондай-ақ Дүйсеноваға Қазақстан премьер-министрі қызметіне әйелді тағайындау мүмкіндігін қарастыруға бола ма деген сұрақ қойылды.

"Дұрыс. Бұл жерде мәселе әйел немесе ер адам екенінде емес кәсіпқой маман керегінде. Менің ойымша, бізде өндірісте де жұмыс істеп жатқан, тұтас бір министрліктерді де басқарып жүрген әйелдер жетерлік. Егер сіз бен біз жақсы жұмыс істесек, мемлекет басшысы назар аударуы мүмкін деп ойлаймын", - деп жауап берді Дүйсенова.

Үкімет отставкасы мен министрлер кабинетінің жаңа құрамы

Айта кетейік, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанда жаңа министрлер кабинеті қашан құрылатынын айтты.

6 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа парламент мәжілісі және Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламенті мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізіп, премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесті. Артынша президент парламент мәжілісінің пленарлық отырысына қатысып, депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды.

Фракциялардың басым бөлігі қолдағандықтан, Олжас Бектенов президенттің жарлығымен еліміздің премьер-министрі болып тағайындалды.

Сонымен қатар президент жарлығымен кеше жаңа министрлер тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059700-ukimet-bassylygyna-aieldi-tagaiyndaityn-kez-zetti-me-vice-premer-zauap-berdi/