Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжілісте коронавирусқа байланысты бетперде тағу режимі енгізілді

Опубликовано:

Бетперде
Бетперде. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Парламент мәжілісінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство эпидемиологиялық жағдайға байланысты бетперде тағу режимін енгізіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.

"Президент іс басқармасы МО бас санитария дәрігері А.Қ.Темірғалиеваның 6 ақпандағы қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияға қатысты қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты парламент мәжілісі ғимаратының аумағында 7 ақпаннан бастап.міндетті бетперде тағы режимі және басқа да профилактикалық іс-шаралар енгізілді.

Жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе бетперде тағы режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі", - деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, жақында мәжіліс спикері Ерлан Қошанов денсаулығына байланысты демалысқа екені белгілі болды. Оған коронавирус диагнозы қойылған. Осыған байланысты ол парламенттің төменгі палатасының жалпы отырысына қатыспады. Шараны орынбасары Альберт Рау жүргізді.

Президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Қанат Бозымбаев та COVID-19 вирусын жұқтырғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2059862-maziliste-koronavirusqa-bailanysty-betperde-tagu-rezimi-engizildi/

pixel