Тоқаев Иран Ислам Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ибрахим Раиси мен ирандықтарды төл мерекесі – Ислам революциясы күнімен құттықтады.
"Бүгінде Иран саяси тұғыры берік, экономикасы тұрақты дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Ұлт бірлігі мен ынтымағын ту еткен мемлекетіңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Иран – біздің Каспий аймағындағы маңызды серіктесіміздің бірі. Осыған орай дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға берік арқау бола беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Иран халқына құт-береке тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060337-toqaev-iran-islam-respublikasynyn-prezidentine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/