Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзен қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Жансейіт Қайнарбаев
Жансейіт Қайнарбаев. Фото: instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi

Жансейіт Қайнарбаев Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұл туралы әкімдік Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Әкімдік мәліметінше, Жансейіт Қайнарбаев Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде "Тау-кен инженері" және "Экономика" мамандықтары бойынша оқыған, екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда бастаған. 2012 жылға дейін осы салада шебер, бас механиктің орынбасары болған. Әртүрлі ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2012 жылдан 2014 жылға дейін Жаңаөзенде "Тазалық" МКК бөлім бастығы болды.

2014 жылдан 2015 жылға дейін "Коммуналдық қызмет" МКК директоры қызметін атқарды.

2015 жылдан 2016 жылға дейін Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болды.

2016 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060565-zanaozen-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel