Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Финляндия президенті болып сайланған Александр Стуббты құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Стуббты Финляндия Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

Мемлекет басшысы президент сайлауында жеңіске жеткен Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады.

"Сайлаудағы жеңісіңіз халқыңыздың Сізге деген сенімін білдіреді, сондай-ақ Сіздің перспективті бағдарламаңыз бен мол саяси тәжірибеңізді қолдайтынын көрсетеді. Финляндия өзіңіздің басшылығыңызбен қарқынды дамуын жалғастырып, өркендей беретініне сенімдімін.

Біз Финляндиямен арадағы достыққа және өзара құрметке негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Екі елдің игілігі жолындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ықпалдастықтың әлеуетін пайдалану үшін Сізбен және фин үкіметімен тығыз байланыс жасаймыз деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060567-toqaev-aleksandr-stubbty-finlyandiya-prezidenti-lauazymyna-sailanuymen-quttyqtady/

pixel