Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның жаңа министрлері ант берді

Жарияланған күні:

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі
Нұрлан Байбазаров. Видеодан кадр: youtube.com/@pmkz

Үкіметтің бүгінгі отырысы жаңа министрлер – Шыңғыс Әрінов, Ақмарал Әлназарова, Мәди Такиев және Нұрлан Байбазаровтың ант беруімен басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкіметтің бүгінгі отырысы жаңа министрлердің ант беруімен басталды.

Еске салайық, министрлер кабинетіне жаңа премьер-министрден бөлек, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар, ұлттық экономика және қаржы министрлері тағайындалды.

Қаржы министрі Мәди Такиев
Мәди Такиев. Видеодан кадр: youtube.com/@pmkz

"Қазақстан Республикасы халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық прициптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз мемлекетіме, өз елімнің мемлекеттігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін көтере беруге ант беремін", - деді министрлер кезекпен.

Денсаулық сақтау министрі
Ақмарал Әлназарова. Видеодан кадр: youtube.com/@pmkz

Төтенше жағдайлар министрі
Шыңғыс Әрінов. Видеодан кадр: youtube.com/@pmkz

Еске сала кетейік, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.

Кеше премьер-министр Олжас Бектенов басқаратын жаңа министрлер кабинеті жасақталды. Қазақстанның жаңа үкіметінде 26 адамның 21-і "ескі құраммен" қалды. Ал премьер-министр мен төрт министр жаңадан тағайындалды.

Сондай-ақ кеше мәжіліс отырысында Тоқаев үкімет неліктен отставкаға кеткенін түсіндіріп, Әлихан Смайылов басшылық еткен министрлер кабинеті барлық салада тұрақтылықты қамтамасыз еткенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060654-qazaqstannyn-zana-ministrleri-ant-qabyldady/