Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкіметтің жаңа басшысы Қазақстанда қосымша құн салығының ставкасы көтерілмейтінін айтты

Опубликовано:

Олжас Бектенов
Қазақстан үкіметінің басшысы Олжас Бектенов. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда әзірге қосымша құн салығының ставкасы көтерілмейтінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірісін толықтырудың басқа жолдарын іздеуіміз керек. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері республикалық бюджеттің шығыстарын да, кірістерін де сапалы жоспарлауды қамтамасыз етулері қажет. Мұнда ең алдымен цифрландыру есебінен салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша пәрменді шаралар қабылдау маңызды", — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің сөзінше, жалпы қаржылық тәртіпті күшейту, нәтижесіз шығыстарды жою және мемлекеттік бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру маңызды.

"Тағы да атап өткім келеді – экономиканың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді салуымыз керек. Әрбір министр мен өңір әкімі алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін тікелей жауапты болады", — деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060667-ukimettin-zana-bassysy-qazaqstanda-qosymsa-qun-salygy-stavkasy-koterilmeitinin-aitty/

pixel