Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанат Элиманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды

Опубликовано:

Жанат Элиманов
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Жанат Элиманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Жанат Элиманов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулылары және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының м. а. қызметінен бастаған.

2000 жылдан 2007 жылға дейін Қарағанды облысының және Астана қаласының прокуратура органдарында жұмыс істеген.

Әр жылдары әділет және қаржы министрліктерінің, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес агенттігінің құрылымдарында түрлі қызметтерді атқарды. 

2017 жылдан 2019 жыл аралығында Бас прокуратурааның құрылымдық бөлімшелерінде басшылық лауазымдар атқарды.

2019 жылдың ақпан айынан сәуір айы аралығында Қарағанды облысы прокурорының орынбасары болды.

2019 жылғы сәуірден бастап 2020 жылдың қаңтарына дейін Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болған.

2020 жылғы 1 қаңтарда қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болды. Ал 2021 жылы 28 қаңтарда, 2022 жылғы қарашада қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060692-zanat-elimanov-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-toragasynyn-birinsi-orynbasary-boldy/

pixel