Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржылық мониторинг агенттігіне жаңа басшы келді

Опубликовано:

Дмитрий Малахов
Дмитрий Малахов. Фото: Антикор

Мемлекет басшысының жарлығымен Дмитрий Малахов Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. ҚР Ішкі істер министрлігінің Алматы жоғары мектебін, Т.Рысқұлов атындағы экономика және қаржы университетін бітірген.

Әр жылдары Ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік және орталық аппаратының департаменттерінде басшы орынбасары болды.

2019 жылғы наурыздан 2020 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің жедел департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2020 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болды.

2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін атқарған қызметі – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2060700-qarzylyq-monitoring-agenttigine-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel