jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Данияр Тұрғамбаев Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшысы болып тағайындалды

    Данияр Тұрғамбаев
    Данияр Тұрғамбаев. Фото: primeminister.kz

    Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

    "Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Ол 1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Д. Қонаев атындағы университетті, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2009 жылы жеке меншік компанияда есепші болып бастаған.

    2010-2019 жылдары аралығында "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғат паркі" ММ-де бас маман – мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, бөлім бастығы, бас директордың орынбасары, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

    2019-2021 жылдары — "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ директоры.

    2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология жін табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.