Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі тағайындалды

Опубликовано:

Олжас Сапарбеков
Олжас Сапарбеков. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Бұрын осы қызметте болған Ілияс Есетұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Олжас Сапарбеков 1979 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

2001-2006 жылдары — "Қазақстан темір жолы" ҰК құрылымында жұмыс істеді.

2006-2016 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде болды.

2016-2019 жылдары — "Атамекен" ҰКП департаменті сарапшысы, директорының орынбасары.

2019-2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2021-2023 жылдары — Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму, көлік комитеттері төрағасының орынбасары.

2023-2024 жылдары — Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы.

2024 жылғы ақпаннан бастап — өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2062180-olzas-saparbekov-onerkasip-zane-qurylys-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel