Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылбек Есенбаев Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Асылбек Есенбаев
Асылбек Есенбаев. Фото: gov.kz

Асылбек Есімқанұлы Есенбаев Президент әкімшілігінің келісімімен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдікке сілтеме жсап хабарлайды.

Асылбек Есенбаев 1977 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1998 жылы - Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. 

Еңбек жолын 2001 жылы "Қазақстанның даму институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми қызметкері болып бастап, "Стратегия" талдау орталығының сарапшысы, директорының орынбасары, "KEGOC" ААҚ "Сарбай жүйеаралық электр желілері" филиалының екінші санаттағы есепшісі, "Трансстрой" корпорациясы" ААҚ қазақстандық филиалының экономисті, бас экономисі болып жұмыс істеді.

2005-2008 жылдары Президент әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы, Мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас сарапшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының бас сарапшысы;

2008-2009 жылдары ҚР Тұңғыш президентінің қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты мен Қазақстан-Ресей университеті директорының орынбасары;

2009-2021 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, көмекшісі, ҚР қорғаныс министрінің кеңесшісі, ҚР премьер-министрі орынбасарының көмекшісі, ҚР Ресей федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі, Астана қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты, Астана қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармаларының басшысы;

 2021-2022 жылдары "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласының "Есіл" ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2062426-asylbek-esenbaev-aqtobe-oblysy-akiminin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel