Экология министрі өз орынбасары ұсталды деген қауесетке қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Экология министрі Ерлан Нысанбаев сенат кулуарында орынбасары Мансұр Ошурбаевтың ұсталғаны жөніндегі қауесетке пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер Ерлан Нысанбаевтан экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев қамауға алынғаны туралы ақпарат қаншалықты рас екенін сұрады.
"Дубайдағы Қазақстан павильонының осы шараға дайындалуын тексеру аясында оның кеңсесінен құжаттар алынды. Ол куәгер ретінде тартылды", - деді Ерлан Нысанбаев.
Министрдің айтуынша, оның орынбасарына айып тағылмаған, ол іске куә ретінде қатысып жатыр.
"Ол - куәгер, бұлтартпау шарасы жоқ, қазір жұмыста", - деді ол.
"Осы жағдайға байланысты вице-министр қызметінен айырылып қалуы мүмкін бе?" деген сұраққа Нысанбаев шешім тергеу нәтижесі бойынша қабылданатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2062677-ekologiya-ministri-oz-orynbasary-ustaldy-degen-qauesetke-qatysty-pikir-bildirdi/