Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Кувейт мемлекетінің әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Опубликовано:

Тоқаев, Кувейт әкімі
Тоқаев, Кувейт әкімі. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахқа құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген әріптестігіміз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарқынды дами түсетініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Президент Кувейт әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына құт-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2062842-prezident-kuveit-memleketinin-amirine-quttyqtau-zedelxatyn-zoldady/

pixel