Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда министрлердің орташа жасы анықталды

Опубликовано:

Мәжіліс
Көрнекі фото: parlam.kz

Қазақстандағы министрлердің орташа жасы есептелді. Бұл туралы ranking.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Биылғы 20 ақпанда Қазақстандағы министрлердің орташа жасы 49,9 жас болды.

"Жасы ең үлкені" – экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев (62,5 жаста). Екінші және үшінші қатарда қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов (58 жаста) және ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров (57,7 жаста) болды.

Ең жас министр – Марат Қарабаев (36,6 жаста). Екінші және үшінші орындарды төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов (40,3 жаста) және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин (41 жаста) иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2062951-qazaqstandagy-ministrlerdin-ortasa-zasy-esepteldi/

pixel