jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Азамат Тайжанов
    Азамат Тайжанов. Фото: gov.kz

    Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Азамат Тайжанов Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әкімдік сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Азамат Тайжанов Қазақ гуманитарлық-заң университетін (Халықаралық құқық бакалавры), Жапониядағы Токай университетін (экономика магистрі), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. PhD докторы.

    2007 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Экономика және бюджеттік жоспарлау, қоршаған ортаны қорғау, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінде әртүрлі қызметтер атқарды.

    Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Егіндікөл және Аршалы аудандарының әкімі болып жұмыс істеді. "Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы" АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі болды.

    2021 жылдан 2023 жылға дейін – премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрінің кеңесшісі.

    2023 жылғы мамырдан бастап осы тағайындауға дейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

    Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.