Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төтенше жағдай кезінде ТМД елдерінің дәрігерлері үшін шекарадан өту тәртібі жеңілдейді

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс ТМД елдерінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы мәжілістің Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Құжатқа 2022 жылы 28 қазанда Астанада қол қойылған.

"Келісімнің маңызды тармақтарының бірі – мамандандырылған эпидемияға қарсы бригадалардың іс-қимылының жеделдігі, төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың мемлекеттік шекарадан өтуі қажет болған жағдайда ұзаққа созылатын рәсімдерді жою", - делінген құжатта.

Құжат ратификацияланғаннан кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің дәрігерлері қажетті техникалық құралдарымен төтенше жағдай кезінде елдер арасында көмек көрсету үшін емін-еркін жүре алатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2063468-totense-zagdai-kezinde-tmd-elderinin-darigerleri-usin-sekaradan-otu-tartibi-zenildeidi/

pixel