Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында бірнеше шенеунік жауапқа тартылып, 1,5 млн теңге айыппұл арқалады

Опубликовано:

Портфель ұстап келе жатқан ер адам
Портфель ұстап келе жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлытау облысында "Прокуратура туралы" конституциялық заң талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы сомасы 1,5 млн теңге болатын әкімшілік айыппұл төленді. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қадағалаушы органның ресми сатында жарияланған ақпарат бойынша, Ұлытау облысының прокуратурасы прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою туралы шараларды қабылдамау фактілері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 664, 665, 666-баптары бойынша 12 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады.

"Қарау нәтижелері бойынша сот Ұлытау облысы әкімінің екі орынбасары, Жезқазған қаласының әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқарушы, Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы әкімшілік жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.

Прокуратура өкілдерінің мәлімдеуінше, кінәлі тұлғалар жалпы сомасы 1,5 млн теңге әкімшілік айыппұл төлеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2063471-ulytau-oblysynda-birnese-seneunik-zauapqa-tartylyp-15-mln-tenge-aiyppul-arqalady/

pixel