jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    "Бергей Рысқалиев елге экстрадициялана ма": Бас прокуратура өкілі пікір білдірді

    Еліміздің бас прокуратурасы
    Еліміздің бас прокуратурасы. Фото: gov.kz

    Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинге қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Желіде Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің Лондондағы Burberry киім брендінің дүкені алдында түскен суреті тарап кеткен еді.

    Неліктен Рысқалиев әлі де бостандықта жүргенін сұраған журналиске Әсет Шындалиев: "Оларды бізге тапсырып беру туралы Лондонмен қандай да бір келісім жоқ. Сырттай үкім шығарылды. Тиісті келісім болмағандықтан, біздің құқық қорғау органдары ештеңе істей алмайды", - деп жауап берді.

    Ал мұндай келісімдер неге осы уақытқа дейін жасалмаған деген сұраққа да бас прокурор орынбасарының айтар уәжі бар.

    "Ресми сауал жасаңыздар. Әрине, мұндай келісім жасауға өтініш жасалған болар, бірақ олардың қаншалықты орындалып жатқанын білмеймін", - деді ол.

    "Бергей Рысқалиев елге экстрадициялана ма": Бас прокуратура өкілі пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.