Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Венгрия президенті болып сайланған Тамаш Шуйокты құттықтады

Опубликовано:

Тоқаев пен Тамаш Шуйок
Тоқаев пен Тамаш Шуйок. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйокты Венгрия президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

"Сіздің орасан зор саяси тәжірибеңіз бен алға қойған тың жоспарларыңыз еліңіздің болашағын жарқын етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Тамыры тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын", – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Венгрия президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2063545-toqaev-mazarstan-prezidenti-bolyp-sailangan-tamas-suiokty-quttyqtady/

pixel